Статистикаға кіріспе және R тілінде бағдарламалау

Авторлар

Дархан Медеуов

Асланбек Амрин

Жарияланған күні

01.11.2025

Алғысөз

Редактор — Дмитрий Серебренников. Қазақ тіліне аударған — Сұлушаш Қазтаева. Авторлар Әлия Сәрсекееваға және Әмина Қалдыбекке алғыс білдіреді.

Онлайн-оқулық Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің 2025 -2027 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы аясында дайындалды: “Есептік әлеуметтік ғылымдар: әдіснама мен дәлелдерге негізделген саясаттың жаңа көкжиектері” (ЖТН BR28713139).

“Деректер аналитикасына кіріспе: әлеуметтік ғылымдар мен қолданбалы зерттеулерге арналған статистика” - Computational social science модулі бойынша өздігінен оқуға арналған, R бағдарламалау тілінде практикалық жұмыстар орындау мүмкіндігі бар тегін ашық онлайн-оқулық.

Бұл оқулықтың негізіне авторлардың бірі әлеуметтану мамандығының студенттеріне жүргізген статистикаға кіріспе курсының материалдары алынды. Тараулар оқу үдерісінің ретіне сай құрастырылған (аптасына үш академиялық сағат дәріс өткізу есебімен). Материалдың мазмұны мен оны ұсыну тәсілі келесі оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған.

Курс мақсаттары

  • 1-ші мақсат. Статистика мен ықтималдық теориясының математикалық негіздерімен таныстыру

    • Деректер ғылымы (data Science) статистикалық әдістерге сүйенеді. Сол себепті бұл бағытты игеру үшін статистиканың негізгі ұғымдары мен терминдерін, қолдану қағидаларын меңгеру маңызды.
  • 2-ші мақсат. Ғылыми мақалаларды түсініп оқуға және талдай білу дағдыларын қалыптастыру

    • Мысалы, ғылыми мақалада регрессиялық талдау нәтижелері берілген делік. Ондай кестелерді қалай дұрыс түсіндіруге болады? Қай көрсеткіштерге ерекше назар аудару қажет?
  • 3-ші мақсат. Өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізуге қажетті дағдыларды қалыптастыру

    • Қолыңызда деректер бар және олардың негізінде ғылыми болжамдарды тексергіңіз келеді. Немесе сенімді әрі негізді қорытынды жасауға мүмкіндік беретін деректерді қалай жинау керектігін білгіңіз келеді.

Оқулық қарапайым әрі түсінікті тілде жазылған. Онда әлеуметтік ғылымдар саласындағы нақты зерттеулерден алынған көптеген мысалдар келтірілген. Математикалық тұжырымдар қажетті деңгейде ғана беріліп, материалдың ғылыми дәлдігі сақталған. Бұл оқулық әлеуметтік және гуманитарлық бағыттарда білім алатын студенттерге, сондай-ақ деректерді сауатты талдап, заманауи ғылыми жарияланымдарды еркін түсінгісі келетін барлық оқырманға арналған.

Жарияланған күні: 1 қараша 2025 ж.


Шығарылым деректері

УДК 311
ББК 60.6
М39

Медеуов Дархан, Амрин Асланбек
Статистикаға кіріспе және R тілінде бағдарламалау

ISBN 978-601-12-9400-3

ISBN 978-601-12-9400-3 штрих-коды

Халықаралық стандартты кітап нөмірі (ISBN), ӘОЖ, КБЖ және штрих-код Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы тарапынан берілген.

Дәйексөз келтіру үшін

МЕМСТ 7.1-2003 бойынша библиографиялық сипаттама:

Медеуов, Д. Статистикаға кіріспе және R тілінде бағдарламалау : онлайн-оқулық / Д. Медеуов, А. Амрин. — Астана : «El Umiti» корпоративтік қоры, 2025. — ISBN 978-601-12-9400-3. — URL: https://cssbook.elumiti.kz/kk/ (қаралған күні: __.__.20__). — Мәтін : электрондық.